Бүгін колледжіміздің “Менеджмент” мамандығының Г-632 тобына “Есірткісіз болашақ” тақырыбында Орал қаласы ІІБ Абай полиция бөлімінің капитаны Каирова Айман Женисовна кездесу өткізген болатын.
Кездесудің мақсаты:
1. Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру.
2. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
3. Студенттердің бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру.
ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза, танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы мен шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.