Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Кіру
AA+
090000, Орал қаласы, М. Мәметова көшесі, 81
+7 (7112) 54-75-34
+7 (7112) 54-29-41
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжі

Бүгін колледжіміздің бірқатар түлектері үшін ерекше күн болды. Студенттер бірнеше жыл бойы жиған білімінің төлқұжаты іспеттес дипломдарын қолға алды.

Колледж директоры Айдана Табылдықызы бүгінгі бітірушілердің осы жолды абыроймен жалғайтындығына сенім білдіріп, бірқатарына қызыл диплом табыстады. Құттықтау сөзінде колледж басшысы барлық түлектерге сәт-сапар тілеп, бүгінгі мерекенің әр студенттің жеке жеңісі екенін атап өтті.

Салтанатты шараға колледж оқытушылары және түлектердің ата-аналары қатысты.

Жас мамандарға сәт сапар тілеп, жүрекжарды ақ тілегін де бөлім меңгерушісі Гүлзада Амангелдіқызы да жеткізді. Ата-аналар атынан ұстаздар қауымына алғысын жеткізген Шамилев Ниязбектің анасы қолдарына дипломдарын алған жас мамандарға ақ жол тіледі.

— Барлығымыз қатты толқып жүрміз. Қуанышымыз өте үлкен. Студенттік кезең көзді ашып-жұмғанша өте шықты. Осы жылдарда көп дүниені үйрендік. Барша ұстаздар қауымына алғыс айтамын ,- деді студентіміз Аман Толқын.

Осындай өңіріміздегі беделді оқу орнын тәмамдап, ерекше үлгідегі диплом алған түлектердің қуанышы шексіз. Олардың алдындағы ендігі меже тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі үшін елеулі еңбек ету.

Сәт сапар сіздерге!!!

#уральск
#бқо
#digitalcollage
#самоуправление
#студенты
#өзінөзібасқаруұйымы