Бүгін колледж студенттеріне БҚО санитарлық эпидемиологиялық бақылау департамент басшысы Ахметкалиева Кибат Жамилевна “Туберкулездің алдын - алу” тақырыбында дәріс өткізді.
Облыс тұрғындарының саламаттылығын дамытуда туберкулезге қарсы қызмет мамандарының сіңіріп келе жатқан еңбегі орасан. Олар туберкулездің алдын алу, дер кезінде тексерілу, емделуді қолға алу мәселелерін халық арасында насихаттап келеді. Туберкулез ұзақ уақыт емделуді қажет ететін дерт болғандықтан өз денсаулығына немқұрайлы қарауға болмайды, онымен күресуде жалпыхалықтық белсенділік қажет. Сондықтан, әрбір саналы, мәдениеті жоғары адам бұл індеттің алдын алуы тиіс.
#уральск
#бқо
#digitalcollage
#самоуправление
#студенты
#өзінөзібасқаруұйымы