Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
090000, Орал қаласы, М. Мәметова көшесі, 81/2
+7 (7112) 54-75-34
+7 (7112) 54-29-41
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжі

Бүгін колледж білім алушыларына маңызды әрі ой салатын деректі фильмдер - «Закладчики» және «Расплата» көрсетілді.

Фильмдер жастар арасында кең таралып бара жатқан есірткі қылмысының ащы шындығын, оның артында тұрған қауіп-қатерді және заң алдындағы жауапкершілікті ашық көрсетті. Әсіресе «жеңіл ақша» іздеп, заңсыз әрекетке барған жасөспірімдердің тағдыры, олардың отбасы мен болашағына тигізетін зардабы терең әсер қалдырды.

Көрсетілімнің басты мақсаты – білім алушыларға дұрыс таңдау жасауға бағыт беру, зиянды әрекеттердің салдарын түсіндіру және құқықтық сауаттылықты арттыру. Фильмдерден кейін студенттер өз ойларымен бөлісіп, қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Әрбір жас өз болашағын ойлап, саналы шешім қабылдауы тиіс. Өмір - ең үлкен құндылық, ал бір қателік бүкіл тағдырды өзгертіп жіберуі мүмкін.