Бүгін Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжінің студенттері ерікті ретінде Орал қалалық №1 ХҚО-ға келіп, бөлімге келуші азаматтарға «ХҚО» қосымшасын қолдану бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Студенттердің игі бастамасы үшін алғыс білдіреміз!
«Мобильді ХҚО» қосымшасы арқылы ЭЦҚ және басқа да жиі сұралатын қызметтерді алуға болады.
⠀
Енді ЭЦҚ алу үшін ХҚО-ға барудың қажеті жоқ. «Мобильді ХҚО» қосымшасында ХҚО операторымен бейнеқоңырау арқылы байланысып, ЭЦҚ-ға үйден шықпай-ақ тапсырыс беруге болады.
⠀
Ол үшін қосымшаға кіріп «бейне қызметі» батырмасын басу керек. Оператордың қосылуын күтіңіз, ол жеке куәлік пен SMS арқылы келген кодты сұрап, өтінімді қабылдайды.
⠀
Сондай-ақ, аталған қосымшада:
-жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттың телнұсқасын;
-жылжымайтын мүлік объектілерінің техникалық паспортының телнұсқасын беру;
-баланың тууына және бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем тағайындау;
-жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау, көп балалы отбасына жәрдемақы тағайындау;
-тұрғын үй көмегін тағайындау секілді ең көп сұралатын қызметтер де бар.Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қызметтерін де алуға болады.
#Балаларжылы
#Годдетей
#өзін_өзібасқару
#студенттікпарламент
#студенческийпарламент
#rumcdo_official
@bkobilimbaskarmasy
@uralskakimat
@kaziitu.life
@kaziitu_gazeta
@kazuiits
@damir_aitimov_07
@arai3384
@karzhauovalunara