Бүгін құқықтану мамандығының студенттері оқытушы Уразова Динара Сериккалиевнаның жетекшілігімен Орал қаласының полиция басқармасында практикаға бағытталған сабақ өткізген болатын.
Кездесу барысында подполковник Нурмуханов Женис Темирканович студенттерге экскурсия ұйымдастырып, жасөспірімдерді полиция қызметінің қыр-сырымен таныстыра отырып, қылмыс пен құқық бұзушылықтарды зерттеудегі ерекшеліктерді баяндады. Сонымен қатар қайтыс болған қызметкерлердің, ішкі істер органдары ардагерлерінің өмірінен сыр шертетін экспонаттармен, фотостендтермен, құнды кітаптармен таныстырып өтті. Бұдан кейін студенттер топталып құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтайтын бейнекамералар орналасқан жедел басқару орталығының ғимаратына барды. Қала өмірін, тыныс-тіршілігін көгілдір экраннан көрген жасөспірімдер таңданысын білдіріп, естелікке суретке түсті.
Шара соңында студенттер бүгінгі күннен мол әсер алғандарын жеткізіп, осы бағыттағы шаралар жиі ұйымдастырылса екен деген ұсыныстарын білдіріп, полиция қызметкерлеріне көкейлеріндегі сұрақтарын қойды.