Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Кіру
AA+
090000, Орал қаласы, М. Мәметова көшесі, 81
+7 (7112) 54-75-34
+7 (7112) 54-29-41
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжі

Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, студенттерге патриоттық тәрбие беру біздің басты міндетіміз.

Осы орайда бүгін біздің білім ошағында тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен жерлестерімізге құрмет көрсетіп, кездесу өткізілді.

«Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізу – біз үшін бір ғанибет. Уақыт пен тарихтың мәңгі жадында қалған оқиғаларды өз басынан өткерген апаларымыз бен ағаларымыздың айтары да, бізге берер тәлімі де мол.