Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Кіру
AA+
090000, Орал қаласы, М. Мәметова көшесі, 81
+7 (7112) 54-75-34
+7 (7112) 54-29-41
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжі

2024 жылы 6 қараша сағат 17:00 де колледжіміздің студенттер ата-аналарына жиналыс өткізілді. Күн тәртібіне сай ата-аналар жиналысы жаңа форматта өтті.

Ата-аналар жиналысында бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер, колледжде өткізілген шаралар, ата-аналардың сабаққа қатысуы, сабақты себепсіз қалдыруы, студенттердің бір-біріне әлім-жеттік көрсетуі, түнгі аулада балалардың жүруі т.б айтылды. Ата-аналарды ойландырып отырған мәселелер айтылды.

Бала тәрбиесі - бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Осыған орай бүкіл ата - ана тәрбиеге бет бұруы керек. Ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін ата - аналар іс - жүзінде дәлелдеп отырулары тиіс. Міне осындай ынтымақ бірлігінде ғана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат. Балаға жауапкершілікпен қарау, оқыту мен адамгершілікке тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап, бірлесе, ынтымақтаса әрекет ету қажет екендігі айтылды.

Күн тәртібі.

1. Колледждің ішкі тәртіп ережесі, білім алушылардың сабаққа қатысуы мен үлгерімі туралы.

2. «Бала және ата-ана» психологиялық кеңестер.

3. Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.

4. Бітіруші топтардың оқу практикасы, өндірістік практикасы және олардың тапсырылатын құжаттары.

5. Әр түрлі мәселелер.A