Бұл жоба шахталарда және қараңғы немесе қауіпті жағдайларда жұмыс істейтін адамдардың қауіпсіздігін арттыруға арналған.
Құрылғы қоршаған ортаны бақылайтын датчиктермен және кіріктірілген жарық шамымен жабдықталған.
Негізгі функциялары:
Газ датчигі – қауіпті газдарды анықтайды
Ылғалдылық датчигі – ауа ылғалдылығын бақылайды
Жарық датчигі (LDR) – жарық деңгейін өлшейді
LED шам – қараңғыда автоматты түрде қосылады
Жұмыс істеу принципі:
Датчиктер орта жағдайын үздіксіз бақылайды, ал Arduino микроконтроллері алынған мәліметтерді талдайды:
газ анықталса – дабыл беріледі
қараңғы болса – шам жанады
ылғалдылық жоғары болса – ескерту жасалады
Нәтижесінде жұмысшы қауіпті жағдай туралы дер кезінде хабар алады.
Жоба авторлары: Г-121 топ студенттері
Мамандығы: “Бағдарламалық қамтамасыз ету”
Жетекшісі: Суиншкалиева Нургуль Нургалиевна

