2021 жылдың 29 сәуірінде МЕББМ «Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжінің» №57 ішкі бұйрығы негізінде колледжде «Аманат» дебат клубы құрылды. Дебат клубының жетекшісі: Мусин Мейірбек Мұратұлы. Құрамына колледждің 20 студенті қабылданды.
Ағымдағы оқу жылының 13 мамырында «Аманат» дебат клубының алғашқы отырысы өткізілді. Шараға колледждің 1-2 курс студенттері қатысты. Шара барысында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Ж.Маканова студенттерді «Аманат» клубы, оның жетекшісі мен құрамын таныстырды. Дебат клубының жетекшісі М.М.Мусин студенттерге дебат клубының жалпы ережелері клубтың мақсаты, міндеттері мен бағыттары, клубтың жіктелуі, клуб мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.