Колледжімізде Г-212 топ студенттеріне химия пәнінен «Алкендер. Полиэтилен» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында студенттер алкендердің құрылысы мен қасиеттерін, олардың қолданылу салаларын және полиэтиленнің алыну жолдарын жан-жақты қарастырды. Сонымен қатар тәжірибелік тапсырмалар орындап, тақырып бойынша білімдерін бекітті.
Ашық сабақтың мақсаты – студенттердің химия пәніне қызығушылығын арттыру, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру және ғылыми ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақ жоғары деңгейде өтіп, студенттер белсенділік танытты.
