Академик Ақсерік Әйтімовке «Үздік цифрландырушы» төсбелгісі табысталды
Батыс Қазақстан облысының тумасы, елімізге белгілі академик, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының вице-президенті, ҚазИИТУ ғылыми-білім кешенінің негізін қалаушы Ақсерік Сарыұлы Әйтімовке «Үздік цифрландырушы» төсбелгісі берілді.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев академикті арнайы қабылдап, марапатты салтанатты түрде табыстады. Аймақ басшысы білім мен ғылымды дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Ақсерік Сарыұлына зор денсаулық, шығармашылық табыс және жаңа жетістіктер тіледі.
Ұлағатты ұстаз, талай шәкірттің жолын ашып, отандық білім мен ғылымды дамытуға сүбелі үлес қосқан көрнекті тұлғаға бұл марапат цифрландыру саласындағы елеулі еңбегі мен инновациялық бастамалары үшін табысталды.
Академик Ақсерік Әйтімов – ұзақ жылдар бойы техникалық білім мен цифрлық технологияларды ұштастырып, еліміздің ғылыми әлеуетін арттыруға еңбек сіңіріп келе жатқан қоғам қайраткері.
