«Ақжайық, сәлемімді ала келдім!» атты тағылымды кеш
Бүгін ғылыми-білім кешенімізде Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы, алаштанушы, Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы Жастар кеңесінің мүшесі Кенжебек Сержанұлының әсерлі де мазмұнды шығармашылық кеші өтті. Рухани кеш барысында қонағымыз студент жастармен еркін сұхбат құрып, ұлттық тарих пен тағылымға толы руханият, Алаш мұрасы жайында терең әрі тағылымды ойларымен бөлісті. Сонымен қатар студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, мазмұнды пікір алмасты.
Кештің қадірлі қонақтары – ҚазКСР халық ағарту ісінің үздігі, ардагер ұстаз Сабиров Қайролла Сабырұлы, ардагер геолог Махуов Балтабек Махуұлы, Орал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнесов Мынаубиік Тауфиқұлы және техника ғылымдарының докторы Айталиев Ермек Сәтпайұлы жас ақынға жүрекжарды лебіздерін білдіріп, ақжарма тілектерін арнады.
Кеш көркін студенттердің өнері аша түсті. Олар Кенжебек Сержанұлының өлеңдерін мәнерлеп оқып, күймен көмкеріп, рухани атмосфераны ерекше әсерге бөледі.
Жастарға ой салған бұл кездесу олардың дүниетанымын кеңейтіп, елжандылық қасиеттерін нығайтуға зор ықпал етті.

