Ағымдағы жылдың 15 қаңтар күні «КазИИТУ» ғылыми-білім кешенің құрылтайшысы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық
Инженерлік Академиясының вице-президенті, академик А.С.Әйтімов , КазИИТУ ғылыми-білім кешенінің ректоры, облыстық маслихатының депутаты, профессор Ә.Н.Баяхов, ҚазИИТУ ғылыми-білім кешенінің профессорлық-оқытушылық құрамы Д.А.Әйтімов, А.М.Маратова, Н.Ж.Аманбаев, Ж.Н.Дусказиева, Н.Ж.Амрешов
полиэтилен құбырларын өндіретін зауытқа өзара ынтымақтастық меморандумы аясында іс-сапармен барған болатын
Зауыт директоры, облыстық мәслихат депутаты Валерий Юрьевич Крылов арнайы іс-сапармен барған ұжымды қарсы алды
Бұл сапар өндірістік процестермен танысып, тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік береді. Бізді қызықты мәліметтер, технологиялық жаңалықтар мен болашаққа серпін беретін идеялар күтіп тұрғаны анық!