Кеңес барысында колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дегенбаева Г.М. сөз сөйлеп, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық, суицидтік және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселесіне ерекше назар аударды.
Осы бағытта топ жетекшілеріне
Л. С. Есенованың авторлық бағдарламаларын нұсқаулыққа алу ұсынылды:
«Қиын бала жоқ – түсіне білетін ата-ана бар»
«Эмоция мен әрекетке ие болу: қауіпсіз өмірдің кілті»
Бағдарламалар негізінде білім алушылармен және ата-аналармен ақпараттық жиналыстар, кураторлық сағаттар ұйымдастыру жоспарлануда.
Тәрбие – қоғам болашағының кепілі.
