2026 жылдың 23 сәуір Белгілі дінтанушы, исламтану және фиқһ саласының зерттеушісі, ғылыми еңбектерімен елімізде танымал Исахан Мұхан Баймұратұлымен дөңгелек үстел форматында кездесу өтті. Шара барысында студенттер ғалыммен еркін форматта сұхбат құрып, дінтану, ислам құндылықтары, фиқһ мәселелері және қазіргі қоғамдағы рухани тәрбиенің маңызы туралы мазмұнды пікір алмасты.
Кездесу жас буынға үлкен әсер қалдырып, олардың рухани-танымдық көзқарасын кеңейтуге ықпал етті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

