2026 жылдың 16 сәуір күні колледжімізде шығыстанушы, жазушы Санжар Керімбаймен студенттер арасында танымдық кездесу өтті. Кездесу «Адам болмысында не бар?» тақырыбында ұйымдастырылып, жастарға рухани терең ой салатын мазмұнға ие болды.
Кездесу барысында қонақ адам болмысы, өмірдің мәні, тұлғалық даму және рухани құндылықтар туралы ой қозғап, студенттермен еркін пікір алмасты. Санжар Керімбай жастарды өзін-өзі тануға, саналы өмір сүруге, білім мен тәрбиені қатар алып жүруге шақырды. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды. Кездесу әсерлі әрі тағылымға толы өтіп, қатысушыларға ерекше ой салды. Осындай кездесулер студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, рухани дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз
@oqu_agartu_ministrligi @bkobilimbaskarmasy
@darynzko
@rumcdo_official
@oral_bilim
@uralsk_akimat
@damir_aitimov_07 @karzhauovalunara

