2022 жылдың 21-25 наурыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында тау туризмі техникасы жарысы өткен болатын.Жарысқа 3 түрлі жас ерекшелігінде 33 команда қатысты. Біздің облыстан Батыс-West-5 командасы шығып, команда құрамында біздің де колледж студенті болды.
Сайысқа қатысқан Менеджмент мамандығының студенті Амангелдиева Нургул:
- Менің жас ерекшелігім бойынша 11 команда болды.Тау туризмі техникасы жеке қашықтығы бойынша 2 орын иелендім және спелео жеке қашықтығында 1 орынды алдым.Жеке қашықтықта қиындау болды,қателіктерім де болды, болашақта дұрыстаймын, әліде дайындаламын. Спелео жұптық сайыста мен және Героев Еділ екеуміз 1 орын алдық.Жұптық сайыс болған соң қиын болмады. ЮКомандалық сайыста тау туризмі техникасы бойынша 2 орынға иелендік. Сайыс оңай болғанымен қателіктеріміз болған соң 2 орынға табан тіреді.Спелео жалпы командалық сайыста 1 орын алдық.Бізге қосылған жаңа қашықтық болды көптеген тәжірибе жинадық десемде болады.Жарыс өте жоғары деңгейде өтті, біз өзіміздің мықытылығымызды көрсете білдік деп есептеймін. Алдағы уақытта осылай көптеген жетістіктерге жетеміз деген сенімдемін.
Нұргүлді құттықтап, жеңістер тілейміз.