Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Кіру
AA+
090000, Орал қаласы, М. Мәметова көшесі, 81
+7 (7112) 54-75-34
+7 (7112) 54-29-41
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжі

2021 жылдың 27 қарашасында «Бағдарламалық қамтамасыз ету (9-111)» және «Құқықтану (9ю-12)» мамандықтарының 1 курс студенттері және кураторлары Мусина Нұргүл Маратқызы және Жұмағұлова Ұштап Бекқалиқызымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсия жасады. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспозициясы 8 көрме залынан тұрады: археология, Алтын Орда кезеңі және Жайық қалашығының пайда болуы; Бөкей хандығының тарихы; кеңестік кезеңнің тарихы; Батыс Қазақстан облысының өнер, ғылым және білім тарихы; қазақ халқының этнографиясы; Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті және тәуелсіздік тарихы. Мұражайдағы жинақталған тарихи мұрағаттық және көрнекі материалдардың барлығы еліміздің тарихын зерттеу үшін құнды дереккөздер болып табылады. Оқушылар тарихпен, Қазақстан халықтарының материалдық және рухани мәдениетімен байланыста болды, бұл халқымыздың тұтастығын нығайтуға, патриоттық сезімін және кең байтақ Отанымызға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге ықпал етеді.