19 наурыз (бейсенбі) – Жаңару күні
Наурыз мейрамы – тек табиғаттың ғана емес, қоғамның да жаңару кезеңі. Бұл мереке еліміздегі жаңа саяси дәуірдің басталуымен тұспа-тұс келіп, үлкен өзгерістер мен даму жолына серпін берді
Осыған орай, биылдан бастап «Жаңару күні» цифрлық трансформация тақырыбына арналып отыр
Цифрлық технологиялар – бүгінгі күннің басты қозғаушы күші. Олар білім беру, экономика және қоғамның барлық саласына жаңа мүмкіндіктер әкелуде.
Жаңару – бұл алға ұмтылу, даму және болашаққа сенімді қадам жасау!

