Бұл күн – халқымыздың бай мәдени мұрасын, ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дәріптейтін ерекше мереке. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлттық дәстүрлеріміз – біздің рухани қазынамыз, ұлттық болмысымыздың айқын көрінісі.
Бүгінгі күні ата-бабадан қалған асыл мұрамызды ұлықтап, ұлттық мәдениетімізді насихаттау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Ұлттық салт-дәстүрімізді қадірлейік, мәдениетімізді құрметтейік!

