Сіздерді 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – барша отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке бастайтын күн. Қазақстан мемлекеттілігінің негізін қалаушы – еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жан-жақты сараланған ішкі және сыртқы саясатының арқасында еліміз дамудың ілгерілеу мен өркендеу жолымен келеді. Қазақта: «Тарихты тұлғалар жасайды», деген сөз бар. Әр ұлттың өзіндік тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалар болады. Олар қаншама уақыт өтсе, сол ұлттың данасы ретінде санаға бекіп, адамзаттың ортақ азаматына айналады. Бұл ретте, егемен Қазақстанның негізін салудың және нығайтудың тарихи миссиясы Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаевқа тиесілі. Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы Президент барша қазақстандық мойындаған және халықаралық қоғамдастық тарапынан құрметке ие болған кемеңгер тұлға.Мереке құтты болсын!