Ата-ана мен байланыс орнату, оқушылардың үлгерімі мен тəртібін заңды өкілдеріне дер кезінде хабардар ету бүгінгі күні білім беру ұйымдарының мақсатты жұмысы. Осы ретте Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжінің басшылығының ұйымдастыруымен 1,2 - курс студенттерінің ата-аналарымен жалпы жиналыс болып өтті. Шараға колледж директоры , колледж əкімшілігі, өндірістік оқу шеберлері мен топ жетекшілері жəне ата-аналар қатысты.
Жиналыстың күн тəртібінде бірнеше мəселе қаралды. Олар:
Студенттердің оқу үлгерімі.
Тəртіп пен тəрбие жұмыстары.
Жас ұрпақты парасатты, ақылды, мейірімді жан-жақты азамат ретінде тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі ерекше екенін атап өтіп, біріге көптеген жұмыстар атқарылатын болады.