Бүгін колледжіміздің “Аманат” дебат клубының құрамындағы 1, 2 курс студенттерінің арасында п.ғ.магистрі Г.М.Дегенбаеваның ұйымдастыруымен «Ұлы даланың дара тұлғалары» атты жалпы пәндер бірлестігінің апталығы аясында «Болашаққа үміт, жастарға сенім» тақырыбында пікір-сайыс турнирі өтті.
Дебат (пікір-сайыс) мақсаты:
Белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;
Қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;
Тіл үйренушінің сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
Өз көзқарасын айтуға машықтандыру;
Студенттің қоғамға деген көзқарасы мен қызығушылығын қалыптастыру;
Еліміздегі жастар мәселесіне назар аударту;
Пікір-сайыс турнирінің қарарлары:
1.БП студенттік баспана мәселесін шешудің тиімді жолдарын ұсынады.
2. БП студенттердің бос уақытын тиімді өткізу жолдарын көрсетеді.
3.БП Жаңа Қазақстанның болашағы – қазіргі студенттер д.е.
4.БП студенттер еліміздің қоғамдық саяси өміріне белсене араласады.
5.БП студенттік өмір ең қызықты жылдар.
6.БП жастар мен студенттер арасындағы теріс діни ағымдарды алдын-алу механизімін ұсынады.
@bkobilimbaskarmasy
@uralskakimat
@kaziitu.life
@kaziitu_gazeta
@kazuiits
@damir_aitimov_07
@arai3384
@karzhauovalunara