Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
090000, Орал қаласы, М. Мәметова көшесі, 81/2
+7 (7112) 54-75-34
+7 (7112) 54-29-41
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Халықаралық цифрлық технологиялар сәулет және құқық колледжінің ресми сайтына қош келдіңіз
Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжі

2025 жылдың 26 қараша күні «ДЕМЕУ» жастар денсаулық орталығының гинеколог маманы Баракова Клара Максутовна қыз балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың, ерте жүктіліктің, жыныстық қатынасқа ерте тартылудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

*Репродуктивтік денсаулық*, *жыныстық қол сұғылмаушылық*, *жеке қауіпсіздік*, және *құқықтық жауапкершілік* туралы ақпараттармен бөлісті.

Кездесу барысында қыз балаларға өз құқықтарын білу, шет адамның әрекетіне «жоқ» деп айту, көмекке жүгіну жолдары және сенімді ересекпен байланыс орнату маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ, аноним түрде сұрақ қою мен пікір айтуға мүмкіндік берілді.

Мақсат — қыз балаларды өмірде кездесетін қауіп-қатерден қорғау, өз қадірін білуге, және саналы шешім қабылдауға бағыттау.